Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі елдің күлкісін келтірді
Қазақстандық көпбалалы ана ай сайын алатын жәрдемақының сомасы көрсетілген хабарламаны желіге салып, ел талқысына салды. Әлия Садырбаева есімді Facebook қолданушысы 9440 теңгенің әр балаға емес барлығына берілетінін айтып, оған көңілі толмайтынын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Менің ай сайынғы алатын жәрдемақымның сомасы, өздеріңіз байқағандай, 9440 теңге. Бұл - көпбалалыларға берілетін жәрдемақы. Бұл - әр балаға емес, бәріне берілетін ақша. Осы сомаға көптеген қазақстандық көпбалалы отбасы өмір сүруі керек, шынын айтқанда күн көруге мәжбүр!", - деп жазады Әлия Садырбаева.
Желі қолданушыларының арасында жазба авторын жақтайтындар да, қолдамайтындар да табылды.
"Иә, өте күлкілі сома! Тіпті бір баланың жөргегі мен сүт езбесіне де жетпейді! Басқа балалардың тамағы мен киімі тағы бар!", - деген пікір білдіріпті Айжан Стыбаева есімді желі қолданушысы.
Ал, тағы бір пікір білдіруші өте қызық деректі келтірген.
"Сіздерге мен құпия ретінде бір қызық айтайын. Каблуков көшесіндегі бір психикалық ауруға душар жанға мемлекет айына 100 мың жұмсайды. 600 адамға 400 адам қызмет көрсетеді. Ал енді санап көріңіз. Салық төлеушілердің айына 60 миллион теңгесі белгісіз бағытқа жұмсалады", - деп жазады әйел.
Ал, тағы бір желі қолданушысы жазба авторын сөгіп тастады. Оның ойынша, азаматтардың бала тууды міндетсініп, мемлекеттен ақша тілеуі дұрыс емес.
"Пікірлерді оқып шықтым. Бәріңіз үкіметке өкпелі екенсіздер. Тіпті төрт баласы бар жағдайы жақсы әйелдің де көңілі тоқ емес. Егер мемлекет ақшаны көп төлесе, еркектер жұмыс жасамай қояды деп ойламадыңыздар ма? Әсіресе, ауылдарда. Ішіп кетуі де мүмкін. Жәрдемақы мақсатты түрде тек жағдайы нашарларға берілуі тиіс. Әйтпесе, біздің адамдар өздерінің нәпсісі үшін мемлекет ақша төлеуі керек деп түсінеді. Көлікпен жүргісі келеді - мемлекет оған арзан жанармай беруі керек, ал мен ауаны ластаймын. Бала туғым келеді - мемлекет Түркияға барып-келуге жететіндей жәрдемақы беруі тиіс. Қандай азамттары болса, мемлекеті де сондай", - дейді ер адам.
Ақпарат : http://alashinform.kz